|     |       Рус / Каз    
 
ұйымдастырушылар:
       
Конкурс туралы Жаңалықтар Күнделігі Байланыстар

Скачать "Список заявок и статус рассмотрения"

 

Конкурс туралы

Конкурс не үшін керек

«Инновациялық Қазақстан» Республикалық идеялар конкурсы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қамқорлығымен өткізіледі және мыналарға бағытталған:

-   Қазақстан жастарының инновациялық ой-санасын дамытуды ынталандырады;
-   Талантты жастардың жігерін қалыптастырады;
-  «Жобалар мен идеялар қорын» жасақтайды.



Біз қандай идеяларды жинақтаймыз
Конкурс аясында «Самұрық-Қазына» қоры жастардың Қазақстандағы өмір сапасын мына бағыттар бойынша жақсарту жөніндегі бастамасын айқындау және қолдау:


«Технологиялық серпін» (ғылым, технологиялар, өндіріс):

•    Инженерлік-техникалық инновациялар;
•    Ақпараттық технологиялар;
•    Өндірістік қызмет;
•    Энергия үнемдеу технологиялары;
•    Экология және табиғатты пайдалану;
•    Басқарушылық инновациялары.

Мына салалардағы «әлеуметтік идеялар»:

•    Білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау;
•    Мемлекеттік, жергілікті басқару;
•    Қоғамдық-саяси өмір;
•    Өңірлердегі, қалалардағы, ауылдардағы инфрақұрылым, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы.


Жобалар техникалық, экономикалық және экологиялық тұрғысынан тиімді болуы, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етуі тиіс.



Жұмыстарды іріктеу өлшемдері


•    идеялардың бірегейлігі;

•    идеялардың жүзеге асырылуы, орындалуы;
•    тиімділігі (оңтайлы қаржыны тарта отырып, шектеулі мерзімде  идеяларды жүзеге асыру);
•    тасымалданушылық (өмірдің әртүрлі саласында қолдану);
•    ықпалдың ауқымдылығы (идеяларды жүзеге асырудан қанша адам пайда табады).



Кімдер қатыса алады
Конкурсқа 15-тен 30 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады


Өтінім қалай беріледі
Жобаны ресімдеу:
- негізгі мәтіннің көлемі – А4 пішіміндегі 20 беттен аспайды (мәтіндік құжат немесе тұсаукесер);
- жұмысқа жоба мәтініне қосымша түрінде ресімделген графиктер, кестелер мен басқа да графикалық материалдар қоса берілуі мүмкін, қосымша көлемі – А4 пішіміндегі 10 беттен аспайды;  
- Times New Roman шрифтi,14 пт., жоларалық қашықтық – біржарым;
- беттер нөмірленуі тиіс, парақтар брошюраға жинақталмайды және тігілмейді;
- егер өтінім электрондық почтамен жіберілсе, файл көлемі 2 Мб-дан аспауы тиіс;
- егер жоба көлемі 2 Мб-дан асып кетсе, файлды дискіге жазып, ол почтамен немесе қолма қол жеткізілуі тиіс


Өтінім 2011 жылғы 7 қыркүйектен бастап (Астана уақыты бойынша 9.00-ден) 1 желтоқсан аралығында (Астана уақыты бойынша 18.00) i-kaz.kz, сайтында онлайн тіркелу жолымен, сондай-ақ мына: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 32, 1-қабат, 102-бөлме («Инновациялық  Қазақстан» конкурсына қатысу үшін» белгісімен).



Жеңімпаздар қашан және қалай анықталады
Барлық жіберілген жұмыстарды бағалау және Конкурстың әр номинациясы бойынша 10 финалға шығушыны  іріктеу 2011 жылғы 2 – желтоқсан 9 қараша аралығында жүргізіледі. Финалға шығушылар ішінен Комиссия 2 жеңімпазды айқындайды.


Жеңімпазға не беріледі

10 финалға шығушы бағалы сыйлықтар алады. Ал 2 жеңімпаз (әр номинация бойынша бір-бірден) басты сыйлық – 5 млн. теңге сомасына шетелде оқу грантына ие болады, ол мынадай түрде пайдаланылуы мүмкін:
- ірі шетел оқу орындарының бірінде non-degree бағдарламасы бойынша оқу (дәреже берілмей);


- тілдік ортаға бара отырып, шет тілін оқу;
- шетел компанияларында ғылыми/өндірістік тағлымдамадан өту.


Скачать конкурсную документацию>>
Өтінішті толтыру үлгісін мына жерден көшіріп алуға болады >>

Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

25.01.2012

Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Ө. Шөкеев жастар арасында өткен «Инновациялық Қазақстан» республикалық идеялар конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.

Толығырақ >>


«Инновациялық Қазақстан» конкурсына жастардан екі мыңнан астам өтінім келіп түсті

09.12.2011

1 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен» ұйымдастырылған жастар арасындағы «Инновациялық Қазақстан» республикалық конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды. Конкурс 2011 жылғы 7 қыркүйекте басталды және жастар, студенттер арасындағы елеулі оқиғалардың біріне айналды. «Инновациялық Қазақстан» жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін жандандыруға ықпал етіп, Интернет-кеңістігін дүр сілкіндірді. Өтінімдер қабылданған соңғы күннің өзінде ұйымдастыру комитетіне 236 өтінім берілді.

Толығырақ >>


   

         


    ©i-kaz 2011         Басты бет  |  Карта сайта  |  Кері байланыс       Created by VegaDesign picture by Andre Kutscherauer
www.ak3d.de