|     |       Рус / Каз    
 
ұйымдастырушылар:
       
Конкурс туралы Жаңалықтар Күнделігі Байланыстар

Скачать "Список заявок и статус рассмотрения"

 

Жаңалықтар

09.12.2011

«Инновациялық Қазақстан» конкурсына жастардан екі мыңнан астам өтінім келіп түсті

1 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен» ұйымдастырылған жастар арасындағы «Инновациялық Қазақстан» республикалық конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды. Конкурс 2011 жылғы 7 қыркүйекте басталды және жастар, студенттер арасындағы елеулі оқиғалардың біріне айналды. «Инновациялық Қазақстан» жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін жандандыруға ықпал етіп, Интернет-кеңістігін дүр сілкіндірді. Өтінімдер қабылданған соңғы күннің өзінде ұйымдастыру комитетіне 236 өтінім берілді. Конкурс сайтына жиырма мыңнан астам адам кірсе, әлеуметтік желілерде конкурс үнемі талқыланып жатты. Конкурсқа қатысушылардың жас шамалары негізінен 19-25 жас аралары, және де олардың көпшілігі студент жастар (1454 адам). Қалған конкурсанттар жас кәсіпкерлер мен мектеп оқушылары. Идеялардың басым көпшілігі «Технологиялық серпін» аталымына жіберілді (1508), ал «Әлеуметтік идеялар» аталымына 806 өтінім жиналды. Конкурс аясында тағайындалған «Еліміздің үздік инновациялық оқу орны» аталымы үшін жүргізілген жарыс та көпшіліктің назарына іліне алды. Екі ай бойы студенттері жіберген өтінімдер саны бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті барлығының алдында келді. Дегенмен қабылдаудың соңына екі апта қалғанда ОҚМУ-ды екінші орынға ысырып, Алматы технологиялық университеті суырылып алға шығып, көш басынан орын тепті. Бұлардан кейін үздік жоолар бестігінде С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті мен Л.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті орналасты. «Инновациялық Қазақстан» конкурсына қатысушы ЖОО-лардың рейтингі Жеңімпаздарды АҚ «НК «КазМунайГаз», АҚ «ҰК «Казахстан Темiр Жолы», АҚ «Казақтелеком», АҚ «KEGOC», АҚ«КазТрансОйл», АҚ «Самрук-Энерго», АҚ «ҰИҚ»т.б. басшылары және конкурс комиссияның төрағасы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» Басқарма төрағасы Т.Құлыбаев тандайды. конкурс комиссиясының отырысы желтоқсанның аяғында өтеді. Комиссия конкурстың он финалшысын анықтайды, олар біліктілік талаптарға сәйкестігі ескеріле отырып, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ компаниялар тобына жұмысқа қабылданатын болады. Ал екі жеңімпаз білім беру грантын иеленеді, бұл грантты олар өз қалаулары бойынша шетелде тілдік курста оқуға, ғылыми дәреже тағайындаусыз шетелдік оқу орнында оқуға, немесе отандық не шетелдік компанияда ғылыми-өндірістік тәжірибеден өтуге жұмсай алады. Финалшылар мен жеңімпаздарды марапаттау «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ төрағасы Т.Құлыбаевтың қатысуымен Астанада өтеді. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ баспасөз қызметі: +7 (7172) 79-04-16, 55-41-14 Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы Жарлығымен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ мен «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ты біріктіру жолымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылды. Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылған. Қор қызметінің негізгі мақсаты әлемдік нарықтарда олардың ұзақ мерзімді құндылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығындағы тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылады. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес былайша жазған дұрыс болады: Мемлекеттік тілде: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы; Орыс тілінде: АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»; Ағылшын тілінде: «National Welfare Fund «Samruk-Kazyna» Joint-stock company.

В список новостей

Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

25.01.2012

Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Ө. Шөкеев жастар арасында өткен «Инновациялық Қазақстан» республикалық идеялар конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.

Толығырақ >>


«Инновациялық Қазақстан» конкурсына жастардан екі мыңнан астам өтінім келіп түсті

09.12.2011

1 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен» ұйымдастырылған жастар арасындағы «Инновациялық Қазақстан» республикалық конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды. Конкурс 2011 жылғы 7 қыркүйекте басталды және жастар, студенттер арасындағы елеулі оқиғалардың біріне айналды. «Инновациялық Қазақстан» жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін жандандыруға ықпал етіп, Интернет-кеңістігін дүр сілкіндірді. Өтінімдер қабылданған соңғы күннің өзінде ұйымдастыру комитетіне 236 өтінім берілді.

Толығырақ >>


   

         


    ©i-kaz 2011         Басты бет  |  Карта сайта  |  Кері байланыс       Created by VegaDesign picture by Andre Kutscherauer
www.ak3d.de