|     |       Рус / Каз    
 
ұйымдастырушылар:
       
Конкурс туралы Жаңалықтар Күнделігі Байланыстар

Скачать "Список заявок и статус рассмотрения"

 
аппаратная коррекция фигуры в Киеве;автобазар в вашем городе;Продвижение, раскрутка сайта , раскрутка кс сервера

Жаңалықтар

25.01.2012

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Ө. Шөкеев жастар арасында өткен «Инновациялық Қазақстан» республикалық идеялар конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.

Конкурстың бас жүлдесі – 5 миллион теңге көлеміндегі білім беру гранты –екі жеңімпазға Астанада салтанатты жағдайда табыс етілді. Сонымен бірге конкурстың 21 жүлдегері да атап өтілді. Оларға заманауи компьютерлер табысталды.
- Жеңімпаздар үшін «Инновациялық Қазақстан» конкурсы болашақ еңбек жолының бастамасы болуы мүмкін. Барлық жүлдегерлер Қордың кадрлық резервіне алынды, ал Қордың компаниялар тобына жұмысқа тұрғысы келгендер өздерінің білімі мен мамандықтарына қарай жұмысқа тұра алады, - деді марапаттау салтанатында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.
Конкурс 2011 жылғы қыркүйек айында жарияланған. Уақыттың өзі көрсетіп отырғандай, «Инновациялық Қазақстан» қазақстандық жастар өмірінде жарқын, елеулі оқиғалардың бірі болды. Көптеген жастар ұйымдары оны қолдады. Интернет кеңістігін де қызу жаулап алды. Соның нәтижесінде 2313-тен астам өтінім келіп түсті. Ұлттық компаниялардың басшылары мен көрнекі сарапшылар қатысқан конкурс комиссиясы олардың ішінен үздік 21 жұмысты іріктеп алды.
Жеңімпаздарды бағалауда Қор барынша ашықтық және шынайылықты қамтамасыз етуге тырысты. Идеяларды бес өлшем бойынша бағалаудың көпсатылы жүйесі жасалды, ол қандай да болмасын екі ұдайылыққа жол бермеді. Сарапшылық кеңестің отырыстары интернетте тікелей эфирде көрсетіліп тұрды.
Сарапшылардың айтуынша, ақтық сайысқа өткен әрбір қатысушы зерттеулер мен эксперименттерге сүйене отырып, қомақты ғылыми жұмыс жасаған.
«Технологиялық серпін» аталымында «Дәрі-дәрмекті қабылдауды оңтайландырудағы молекулярлық тәсілді әзірлеу» жобасымен Астаналық жас ғалым Айша Ысқақова (27 жас) жеңіске жетті. Айша «Болашақ» бағдарламасы бойынша Прага химия-технологиялық институтын «биохимия және биотехнология» мамандығы бойынша бітірді. Қазір Астанада Ұлттық биотехнология орталығында жұмыс істеп жатыр. Өзінің «Инновациялық Қазақстан» конкурсына ұсынған жобасын осы институттың базасында жүргізген екен.
Айшаның идеясы дәрі-дәрмектердің жеке дозаларын нақты пациенттің генетикалық деректері негізінде таңдау қажет дегенге саяды.
- Бұл не үшін керек? Бір дәрі әртүрлі адамдарға түрліше әсер ететіндігін әркім де байқаған шығар деп ойлаймын. Бұл дегеніміз, дәрігерлер тағайындайтын әмбебап терапевтік дозалар барлығына да келе бермейді дегенді білдіреді. Сондықтан медицинаны персоналап, жеке дозаларды тағайындау қажеттігі туындайды. Нәтижесінде емнің тиімділігі артып, кері реакциялар саны барынша төмендейді, - деп атап өтті Айша Ысқақова.
Айша Ысқақова зертханашы Әлия Романовамен бірлесіп екі тест-жүйе жасаған, олар жүрек-қан тамыры ауруларын, сондай-ақ ас қорыту жүйесінің қышқыл тәуелді ауруларын емдеу мен алдын алу үшін жекелеген препараттарды қолданудың дұрыс дозасын есептеуге мүмкіндік береді.
«Әлеуметтік идея» аталымында Қарағандылық жас оқытушы Мария Бурова (23 жас) жеңімпаз атанды. Ол «Күлсеңші! Әлемде жарқын бояулар көп!» атты, ауыр жағдайға душар болған жасөспірімдерге қолдау көрсету жөніндегі идеяны ұсынды. Мария Е.Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетінің шет тілдер факультетін аяқтады. Қазір Қарағандының № 101 мектеп-лицейінде вожатый болып жұмыс істейді.
- Менің жобамның мақсаты – позитивті ойлау ғылымы арқылы жасөспірімдердің өмірді теріс қабылдауына ықпал еті. Жастарды қандай жағдайда болсын оң көзқарас танытуға және осы өмірде өзін қажетті сезінуге үйрету, - дейді Мария Бурова.
Өзінің қарамағындағы оқушылармен қосылып Мария өз өңірінің жасөспірімдерін әлеуметтік тұрғыдан ықпалдасуына бағытталған кешенді бағдарлама әзірлеген. Ол дағдарыс орталықтары және сенім телефондары туралы айтылған, жастармен жұмыс жүргізетін мемтекеттік органдармен белсенді ынтымақтастыққа, сондай-ақ тиісті сайттарды ашуға шақыратын жарқын, қанық бояулы сыртқы жарнаманы қамтиды.
Сонымен қатар конкурс комиссиясы арнайы жүлде тағайындап, дипломдармен атап өткен жүлдегерлер де болды. Марғұлан Құрмет әбден пысықталған, өзекті 14 идея жіберген екен. Сонысы үшін «Ең белсенді қатысушы» атағын иеленді.
Өзінің өжеттілігімен конкурс комиссиясын таң қалдырған «Архиган – ғарышқа тірі емес жүкті жіберу баламасы ретінде» деген жұмыс авторы Бауыржан Оспанға «Ең креативті идея» деген атақ әкелді.
Конкурс барысында қазақстандық жоғары оқу орындары арасында да жасырын тартыс жүріп жатты. Қазір, конкурс қорытындысы шығарылған уақытта, ең көп сапалы, әрі қызықты өтінімдерді Қазақстан-Британ техникалық университеті, Назарбаев Университеті және Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті сияқты оқу орындарының студенттері жібергендігін атап айтуға болады .

"Самұрық-Қазына" АҚ-та жүлдегерлерді марапаттау барысында "Инновациялық Қазақстан" жастар идеяларының конкурсын жыл сайын өткізу туралы ой білдірілді.





«Инновациялық Қазақстан» конкурсының баспасөз қызметі
Қосымша ақпарат алу, сондай-ақ жүлдегерлермен сұхбат ұйымдастыру үшін Закирьянова Гүлмираға хабарласу керек: +7 701 550 00 88, сондай-ақ электронды пошта: [email protected]

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ баспасөз қызметі:
+7 (7172) 79-04-16, 55-41-14









 «Технологиялық серпін» аталымы бойынша үздік жұмыстар

1. Айгерім Әбдібек, Шымкент,  «Мұнай өнеркәсібінің қалдықтарынан күкірт қышқылын алу технологиясын әзірлеу»;
2. Амантай Батырбеков, Шымкент,  «Компьютерлік өлшем жүйелерін әзірлеу және зерттеу»;
3. Мариям Баязова, Алматы, «Полимерлі депрессорық тұндырмаларды синтезі мен модификациясы»;
4. Олег Биль, Қостанай облысы, «Кәсіпорындардың ақпараттық жүйелеріне нысаналы вирустық шабуылдардан келген шығындарды анықтау және болдырмау жүйесі идеясы»;
5. Айша Ысқақова, Астана, «Дәрілік заттарды қолдануды оңтайландыруда молекулярлық тәсілдерді әзірлеу»;
6. Илья Корольков, Қарағанды «Құрамында карборанил  бар бораттың және оның туындыларының негізінде рактың бор-нейтронды басып алу терапиясына арналған тиімді отандық препараттарды іздеу және жасау»;
7.  Сергей Кульдин, Астана,  «Көңіл-күй картасы (MoodMaps)»;
8. Олжас Нариман, Астана, «Көп мақсатты жылу энергетикалық қондырғыларын әзірлеудің инновациялық технологиясы»;
9. Олжас Нукин, Астана «Ақтау теңіз порты акваториясында балластты суларды тазалау және қайтадан пайдалану»;
10. Бауыржан Оспан, Астана, «Архиган – ғарышқа тірі емес жүкті ұшыруға балама ретінде»;
11. Жарқынбек Өмірзақов, Шымкент, «Монолит көбікбетон технологиясы».





«Әлеуметтік идеялар» аталымы бойынша үздік жұмыстар

1. Айнұр Әбішева, Астана, «Ұлттық дәстүр және қазақ мәдениеті негізінде компьютер ойынын жасау («Дала ойындары»)»;
2. Асхат Бозтаев, Алматы, «Қашықтықтан оқу мүмкіндігі бар ғылыми-білім беру порталы»;
3. Мария Бурова, «Ауыр өмірлік жағдайға душар болған жасөспірімдерге қолдау көрсету»
4. Дүйсекеева Сабина, Астана, «Қоғамдық мониторинг акциясын өткізу үшін онлайн-платформа құру»;
5. Аманжол Кәкімов, Петропавл,  «Жедел жәрдем қызметі автокөлігінің жерсеріктік мониторингінің жалпыреспубликалық орталығы»;
6. Марғұлан Құрмет, Алматы, «Қазақстан халықтары ұлттық ойындарының негізінде имидждік өнімдерді өндіруді ұйымдастыру»;
7. Марина Мешкова, Алматы,  «Қазақстан Республикасының балалары мен жасөспірімдерін Интернетте қаланбайтын контенттен әлеуметтік қорғау мақсатында «Ата-аналық бақылау» атты «Қазақтелеком» АҚ инновациялық қызметін енгізу»;
8. Дархан Мұқышев, Астана, «Жоғалған заттар бюросы-онлайн – buronahodok.kz»;
9. Аида Мыханжарова, Алматы, «Кедергісіз орта және мүгедектердің Қазақстан Республикасының көліктік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету»;
10. Бернар Сұлтанов, Алматы, «WikiCity - қалалық арыздар ме



В список новостей

Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

25.01.2012

Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Ө. Шөкеев жастар арасында өткен «Инновациялық Қазақстан» республикалық идеялар конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.

Толығырақ >>


«Инновациялық Қазақстан» конкурсына жастардан екі мыңнан астам өтінім келіп түсті

09.12.2011

1 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен» ұйымдастырылған жастар арасындағы «Инновациялық Қазақстан» республикалық конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды. Конкурс 2011 жылғы 7 қыркүйекте басталды және жастар, студенттер арасындағы елеулі оқиғалардың біріне айналды. «Инновациялық Қазақстан» жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін жандандыруға ықпал етіп, Интернет-кеңістігін дүр сілкіндірді. Өтінімдер қабылданған соңғы күннің өзінде ұйымдастыру комитетіне 236 өтінім берілді.

Толығырақ >>


   

         


    ©i-kaz 2011         Басты бет  |  Карта сайта  |  Кері байланыс       Created by VegaDesign picture by Andre Kutscherauer
www.ak3d.de